Тынымсыз, дамылсыз, әуре-сарсаңға толы күйбең өмір. ~ Көзін тырнап ашқаннан көріп келе жатқаны – ел ішінің дүрбелең-дүрмекке толы беймаза тірлігі, берекесіз бүліншілік, шаңдатпа шапқыншылық, талап-тонау, зорлық-зомбылық, қырғын-сүргін. Д.Рам. ~ Бастан кешкен өміріне көз жіберіп қараса; беймаза тірлігінің азғантай тыныштығы да бұның өзіне бұйырмапты. Ә.Нұрп. ~ Ағарып атып келе жатқан таңды лаңғада, у – шумен қарсы алады. Жол бойында беймаза тіршілік күйбіңінің жағы бір сембейді. Қарадай мезі етеді. Ж.Сәм.
