Қиындық көрді, азаптанды. ~ Тұтқын міне, енді құл болды. Тапқан таянғаны қожанікі. Тек жұмыс қылу, бейнет шегу құлдың сыбағасына тиді. А.Бай. ~ Қоршауды бұзып шығып, көп бейнет шегіп Қожаберген жырау әйелі Айша екеуі еліне бет алады. Н.Әбу. ~ Кейде оп-оңай нәрсені түсіну үшін ұзақ жыл бейнет кешу де керек. Т.Ахт. ~ Ел үшін құрбандыққа жанын берген. Бит, бүрге, қандалаға қанын берген, Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде, Зарығып Алаш үшін бейнет көрген. С.Сей. ~ Асархидон: «Уһ! Қанша көп бейнет тартып жазаландым! Енді болмаса өліп едім», — дегенде, Шал айтыпты: «Не айтасың! Мына бір кесе суды құйып та болғаным жоқ. Бір секундтың ішінде сонша көп бейнет көруге бола ма? Шәк. ~ Қазезқан Құдай қосқан ерім еді, Су асты мекен еткен жерім еді. Мен үшін талай жерде бейнет тартып, Бұл жерге мені алып келіп еді. Бәріміз тең боламыз қатар өскен, Сендермен сөйлесемін сескенбестен. БС “Маймыл келіншек”.
