Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын боғауызшыл, бейәдеп адам. ~ Бейпіл сөзді, баланы қарғауды білмейтін Ұлберген бір-екі рет қыңқылдағанмен, Темірбек қозғала қоймағасын, ішінен тынып, Ботагөз туралы мазалауын доғарды. С.Мұқ. ~ Қазақтың ұғымында бойы кішкене адам: қу, залым, айлакер келеді. Шеген де солай өсті, сондықтан жұрт оны «Шытырлақ шепе» атады да, кейін «шытырлағыш» түсіп қап, «Шепе» ғана болып кетті. Ол кішкене күнінен сотқар, төбелескіш, бейпіл сөзді болды. С.Мұқ.
