Posted in

БЕЙПІЛ ТІЛ

Әдепсіз, былапытқа толы, дөрекі тіл. ~ Қалжыңшыл, бейпіл тіліне, дінсіздігіне, əдепсіздігіне қарап, жұрт оны «надан», «жынды» дейді; ол не айтса, күледі, оның сөзін елемейді. Бірақ Əбежан жынды емес, нағыз дана адам. Ж.Айм. ~ … әкем де әжемнің уытқыттауымен шешеме бұрынғыдай міне түспей, кейде, көзін ғана алайтатын; ал кейде: «Сендер-ақ сиыспайтын болдыңдар-ау, осы! Бірің өл де бірің қал!» деп шығып кететін; сөзі өтпейтінін аңғарған әжем, бұрынғыдай бейпіл тіліне ерік бермей: «Құрық алып кеттің-ау, қу тоқал!» деп кіжінетін де қоятын. С.Мұқ. ~ Найманда екі жүзді нар кескенмін, Желкеңді қимақ үшін қойған сақтап. Тозаңың анда-санда бір бұрқ етер, Сабасам бейпіл тілді екі жақтап. “Біржан – Сара”.