Оң көңіліне, ықыласына, мәрттігіне алғыс білдіру. ~ Қызыл лента мен қайшы, оркестр керек емес пе? – деді Әскер тұрып. – Ниетің түзік болса, бейіліңе құлдық. Бірақ дарылдақ салтанатқа ежелден жаным қас. К.Хам. ~ Алпысқа жеткенше ат мінбесем, енді қартайғанда қай ұшпаққа шығармын. Рақмет бейіліңе, онан да қашан қайтасың, соныңды айт? С.Смат. ~ Шағын да болса, шәрілі жерміз, шайымыз қара, сауын сиыр болмайды бізде, кешірерсіздер! Қай жақтан келесіздер, ағалар? – Бейіліңе рахмет, ауыл жақтан келеміз. – Ел іші аман ба? Ғ.Біл.
