Ықыласын салды, ынта қойды, көңіл аударды. ~ Қадірбек қабақ астынан Маргаритаға қарады. Маргарита Сережаға бейіл қойып бас изеп отыр еді. Қадірбек орнынан көтерілді. С.См. ~ Қария үніндегі ғажайып кең тынысқа екі өкпеден қысып бара жатқан кеселі тұсау салып, емін- еркіндікке жібермейді. Сол халін қапысыз сезген Аршагүл одан сайын емірене бейіл қойды. Т.Әл.
