Posted in

БЕКЕР БОСҚА

Құрдан-құр, тектен-текке; еш пайдасыз д.м. ~ Жазықсыз елге ұрынба, Бекер босқа қырылма. Ойшыл көзді салып қой, Көз – ұшы ту қырымға. Сегіз Сері. ~ Қайтерді енді өзіңіз түйесіз де, Шабылып бекер босқа күйесіз бе? І.Жанс. ~ Ол мейлі, енді басқасы-басқа, тап мына Ганс Вайслердің үй-жайын Немеребайға, немесе Шөберебайға сатқызып, қарап отыра алмас. Қанша дегенмен, қатын-дұшпаның Пәтима да бекер-босқа тырысып сұрланбас. М.Бай. ~ Жүрегі құрып-ақ кеткір бекер-босқа бұлқынып, алқына ма, ауылдық клубтар хақындағы хабарламаның соңына тақап-ақ қалғанында, самайы солқ ете түсті. М.Бай.