Ауыр соққыдан есінен тана жаздады. ~ Онда мен бар да екенмін, бай да екенмін. Бір мұңсыз, өте жақсы жайда екенмін. Белге соққан жыландай енді болдым, Біле алмай сол жалғыздың қайда екенін. Ә.Нұрш. ~ Екі беттегі араздардың кімдер болатыны, отқа кімнің қолы күйетіні де ашылды. Тәкежан аулының белге соққан жыландай боп, әзірше титығы құрып тұрғаны да мәлім. М.Әу. ~ Керімбекті тұтқындату үшін қазақтың өз ішінен қол қоятын бірталай куә табу керек деген жерге келгенде, белге соққан жыландай бұлғалақтап қалды. Ж.Ахм.
