Posted in

БЕЛГІЛІ БЕКБИКЕ (БЕС БИКЕ)

Жаман аты елге жайылған сұрқия. ~ Көрінген жерге тықпалай берме оны. Оның үстіне ол барса, баяғы белгілі бекбикелер дейтін қауесет тарайды. С.Смат. ~ Ертеден кешке дейін дәрігерге келіп, біріне кірмеген бұл әйел кім? – деп сұрады тіс ауруынан ұрты ісіп кеткен ер адам. — Соны танымаушы ма едіңіз, кәдімгі қалаға белгілі Бекбике деген осы ғой. Б.Қыд. ~ Ойбай-ау, ол белгілі бес бике, аңқау жұртты жер қаптырған алдауыш, һаяр емес пе. О.Сәрс.