А) Құяңы ұстап, белін жаза алмай қалды. ~ Сырттан самаурын көтеріп апам келді. — Белім шойырылып өлейін деп жүрмін. Мені бір аяйтын кезің бола ма,- дейді шоқты көсеп жатып. Мен не дерімді білмедім. Т.Әбд. ~ Менің бабам заманында қылшылдаған жігіт боп, қартая келе бетіне әжім түсіп, белі шойырылып, өзінің сол үйреншікті қуысында көзін жұмды. Анадан «шыр» етіп түсті… Өлді. Туу мен өлудің арасындағы өмір — өмір емес, тек, рақаты жоқ күйкі тіршілік қана. Т.Бер. ~ Небір нардай жігіттер бес- алты айда белі кеткен түйедей кирелеңдеп, бүкшиіп қалыпты. Өзі де тәшкі айдаймын деп белден шойырылған. Ү.Жлк. ~ Сенің әкең болса, баласы өлгесін белден шойырылып қалып, емделуге «Алма Арасанға» жүріп кеткен. Ү.Жлк.
Ә) Сиқы бұзылды, берекесі кетті. ~ Соғыс аяқталып, елге ер-азаматтың көбі қайта оралып, белі шойырылған тұрмыс біртіндеп еңсесін қайта көтере бастады. Бұрын диірмен тартуға шақыратын үйлердің саны да азая берді. С.Жүн.
