А) Бой көтерді, кеңінен жайылды; күшіне енді. ~ «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптарын жою туралы» қаулы жарық көрді де, әдебиет пен өнерде жаңа бір бағыт белең алды. Ш.Сар. ~ Бұрын самайда ғана белең берген ақ қырау жоғары өрлеп кетiптi. Р.Рай. ~ Елді дүрліктірген бұл дау сәл нәрседен белең алған-ды. М.Әбд. ~ Аштық, жалаңаштық, жоқшылық белең алып, оған қысқы суық қосылған соң олардың еңсесі көтерілмей, қабағы түсіп, күлкі, қуану дегенді мүлде ұмытқан. Ә.Марғ. ~ Мұнысы қалай? Түсінен шошығаны ма?- деді Таңжарықтың бетіне бедірейе қарап. Оның жып- жылтыр қара торы жүзінде жымысқы күлкі белең берді. Т.Рыс.
Ә) Үрікті, шошынды. ~ Жирен құнан көпке дейтiн ұстатпай сарсаңға салды. Белең алып, шығандап қашып жылқыға жуымай қойды. Т.Сәу.
