Posted in

БЕЛУАРДАН БАТТЫ

а) Тым көп, ағыл-тегіл, шамадан тыс. ~ Қазынаның алдына белуардан бататын шырыш, желім толтырып қоялық, қараңғыда білмеген адам түсіп кетсе, шығып кете алмайтын қылып, осындай амалмен ұсталық, – депті. БС. ҚЕ.
ә) Беліне шейін, белшеден батты. ~ Тау арасының сіресіп бүтін жатқан күртік қарын кешіп келеді. Ара-арасында белуардан батып-батып та кетеді. Тырмысып жүріп шығады, әйтеуір… Борша-борша терлей бастады. Екі көзін ілгеріге қадап ентелей түседі. Ә.Кек.