Posted in

БЕЛШЕСІНЕН БӨКТІ

Белуардан батты, мол пайдаға тап болды. ~ Жігіт салған күйінде еліне келіпті. Еліне келсе, кәрі әкесі мен шешесі өзінің күйігінен өртеніп дүние салған екен. Ағасы көкарай шалғынды көк жайлауда салқын саяға биені байлатып тастап, алтын жылқының сары қымызы мен жал-жаясына белшесінен бөгіп жатыр дейді. Шаңырағына – құл, мосысына – күң міндіріп тағы үш әйел алыпты. Маңдағы ел-жұртты түгел малайлыққа салған екен. ҚЕ.