Posted in

БЕЛІН СЫНДЫРДЫ

а) Мерт қылды. ~ Жүрген шығар, шырағым, Қалмақтың белін сындырып. Келеді екен, жалғызым, Барған ісін тындырып. А.Байт. “Ер Сайын”. ~ … қағанның немерелері Шыңғыс ханның өзінің көзі тірісінде бас еркіндігін берген қатыны, керей қызы Абике-бекиді яғни, ұлы шешесін және соған қоса тақ мұрагерлерінің он бір «ұлы қатынын» ширек ғасырдың ішінде «белін сындырып» тынды. Т.Жұрт.
ә) Басын тұқыртты, аяғына жықты, өктемдік қылды, беделінен айырды. ~ Сіздер шарларыңды Нүрпейіске салындар, жаңа байыған бір Құрманның болғанынан алашқа сөйлескенде намыс жібермейтін, елдің белін сындырмайтын Нүрпейіс артық емес пе? М.Дул. ~ Болыс інісіне тізгін бермей жүрген Ожар Оспанның осы арада белін бір сындырғандай болды. Ә.Нұрп.