Posted in

БЕЛІ КЕТКЕН ТҮЙЕДЕЙ

Малда болатын бел ауруы туралы; белін жаза алмай, қиралаңдап қалды д.м. ~ Не мал жоқ, не күреп тауып жатқан табыс жоқ, әйтеуір өлмешінің күні. Небір нардай жігіттер бес– алты айда белі кеткен түйедей кирелеңдеп, бүкшиіп қалыпты. Ү.Жлк. ~ Бұл айтса ғой, баяғы қағаз кеміріп, кітап сорып, сіңірі тартылған Шұғайып – арыз жанрының шебері сорғалатып ұзын сөзін иіп келтіргендей – мұны тастап кеткен жоқ, әуелі сол солбырайған сабаздан Эленораның өзі жеріді, өз басы қашып құтылды. Құтылмай қайтсін! Белі кеткен атан түйедей бір шөккеннен артылмай, аһылап–үһілеп, төбеге қарап түске дейін жатады… сөйлегені – кітап сөзі, жүрген жүрісі, істеген ісі кинодан көрген Дон Кихоттың дәп өзі, дәл өзі болмаса да сол сорайғанға егіз тамшыдай ұқсайды. Д.Дос.