Posted in

БЕЛ БАЙЛАДЫ

Әлдебір іске тәуекел етті, білек сыбана кірісуге шешім қабылдады. ~ Қатыным! Пайғамбардың сүнәті ғой, сен де рұқсат бер, ағайыным, сіздер осы жұмысты қолға алыңдар, міне, біраз қанағат бар ғой. Мен енді бел байладым, – деп ақырғы сөзін мағлұм етті. М.Дул. ~ Жанары жарқ-жұрқ етiп тiлерсектен қан кешуге бел байлаған батырларша ашынған сұлудың қазiргi түрi екi жүздi қанжарды көз алдына ерiксiз көлденең тартып тұрғандай едi. Р.Рай. ~ Өзін-өзі өлтіруге бел байлаған адамның ұсқыныңдай түнеріңкі селқостық оның маңдайына құбақан, бозғыл он бітіріп, сүлделеніп ауырғандай қуартып жіберіпті… О.Бальз.