а) Адам жасының белгілі бір белесі, екі жастың аралығы. ~ Бір кезде атақты батыр Ақберді бүгіндері сексеннің бел ортасындағы аппақ қудай ақсақал, бір кезде екі иығына екі адам мінгендей қапсағай дене бүгінде шөгіңкі … Ә.Тар.~ Осы күймен, осы жосықпен айлар, жылдар өте берген. Сонымен, Жаманбай, Айшуақтың есігінде табаны күректей он жылды өт көріп, жиырманың бел ортасынан асып та кеткен. С.Омар.
ә) Әлдебір оқиғаның қайнаған ортасы. ~ Бұл жануардың көзге қораштау тұрқы ғана емес, мынау төңіректің топалаңы шығып жатқанда дәл соның бел ортасында тұрып қылшығы да қисаймай шөп күйсеген тұрысының өзі оның өзге бір мінездің малы екенін аңғартқандай. С.Ел. ~ Қажы жылқысының тұқымынан өздерінің қолына тиген жалғыз тұяқ осы жануар еді. Сол жазған қыза келе жүйріктердің бел ортасынан суырылып шығып, алдыңғы топқа қосылған. Т.Рыск. ~ Олардың елден ерек киімдеріне зейіні ауып кеткендіктен, зікір салушыларды бұрын да талай көргені Дон Кихоттың тарс есінен шықты, – керісінше, оған бұл арада әлденендей бір шытырман оқиға болатындай, кезбе рыцарь ретінде осы оқиғаның бел ортасында жүруі керектей көрініп кетті… М.Серв.
