Posted in

БЕЛ СУЫТТЫ

а) Тыныстады, дем алып алды. ~ Әлдеқандай шырша астына дамылдап‚ от жағыпты. Бел суытып‚ жеңіл-желпі жүрек жалғап алған сыңайлы. А.Алт. ~ Ұзақ жолда бір-ақ рет бел суытты. Қаракердің ертоқымын алып, көкке аунатты. Сусын ішіп, жүрек жалғаған соң қайта ерге қонған. Т.Сәу.
ә) Нәпсілік құмарын басты. ~ Заң жолымен алған бір әйеліңіз, жасырын ұстайтын қырық тоқалыңыз бар. Жағалай қонақ болып, көңіл көтеріп, бел суытып жүресіз. Т.Әсем.