Ұл-қызы тумастан бұрын атастырып қойғандардың бір-біріне қатысы. ~ Әңгімеден әңгіме шығып, әлгі өзінің бел құдасы – Жалғасты жатып кеп жамандай жөнелді. Ж.Аязб. ~ Бекер олай дейсіз… Ескі әдет-ғұрыпты бұзуымыз керек! Қазірдің өзінде ықтиярсыз күйеуге кетіп жатқандар бар… Бел құда, бесік кұда деген шірік салт жойылатын кез жетті! — Бұл жолы уәкілдің даусы қатайып шықты. Б.Тоғ.
