а) Әлденеге абдырап, әбігер болды, мазадан айрылды. ~ Күндіз баланы, түн мезгілінде төрт түлік малды қорып, қашан орып сүрлемге салғанша берекесі қашты. О.Бөк. ~ Бүгінгі тіршілікте тарысы шашылмаған кім қалды дейсің. Бұның СМУ-15-інің де басынан бағы тайып, берекесі қашты. Қ.Түм. ~ Үлкен адамдарға жолығарда қарадай берекесі қашатын қашанғы әдеті. Д.Әш.
ә) Ауыз бірлігі болмады, құты қашты, кенеуі болмады, тірлігінің сәні кетті. ~ Қазір бұлар әскeр eмeс, әншeйін бeрeкeсі қашқан қарақшылар eді. Б.Нұрж. ~ Өз көзіне өзі сенбеді. Беу дүниенің берекесі қашыпты. М.Қаб. ~ Жасаулы ақ отау құлазып тұр.Ерлі-зайыпты кісіге ұқсап, күңкіл-шүңкіл сөйлесу, шүйіркелесу болмаған соң, от басының берекесі .қашқанына да көп болған еді. Т.Әл. ~~ Құрысын. Неше жыл болды, бір бүтінделер емес. Баста берекесі кеткен нәрсенің осылай берекесі кете береді де. Саған мотоцикл қайда?». М.Қаз. ~ Miнe, таң арайы таңдайланып алыс көкжиекті ақ сүтке шомылдыра бастапты. Түнімен тағатсыз күткен жан-жануар безек қағып берекесі кетеді. Б.Мом.
