Дегеніңе жетпейсің, пайда көрмейсің, рахатқа батпайсың д.м. ~ Әулие– Атаға бұлар Сәкендерден кешігіп жетті. Істің мән– жайына қанғанда, жиен ағасына атбекет былай деді: – Сейфуллиннің үстінен шағым айтып береке таппайсыз. Оның атағы сонша, губревкомда одан куәлік те сұрамаған. Т.Әл. ~ Бұл жерде кино көрiп береке таппайсың. Ылғи да осы. Ант атқан есерлiкке жел беретiн көп түйткiлдiң бiрi – экран алдындағы мақаулық. Жылына жүздеген фильм қазақшаға тәржiмеленедi деп естiгендерi болмаса, мұнда әлi бiрi келген емес. Т.Сәу. ~ Егер адам қатты шаршапшалдығып келіп, жайсыз, ыңғайсыз жатқанда, бастырылғанда, жүйкеге тосыннан ауыр күш түскенде көретін түстер быж-тыж, бей-берекет, шатты-бұтты, үзік-жұлық болады. Мұндай түстерді жорып та береке таппайсың. Ал шаршамай, сергек күйдегі ұйқының кезіндегі түстердің басым көпшілігі жоруға келетін, нақты болады. Ж.Баб. .
