Кейіннен. ~ Бертін келе адамзат баласы анағұрлым алға басып, алғашқы қауымдық қоғамнан біртіндеп егіншілікке және жануарларды қолға үйретуге, демек, мал шаруашылығына көшуге байланысты жаңа діни ұғымдар қалыптаса бастайды. С.Мұқ. ~ Көмескі болса да, әлі есінде, мектепте оқып жүрген шағында тәмам баладан мұның алабөтен ерекшелігі – байқағыштығы еді. Әр нәрсені тез аңғарып, көрген сезгенін ұмытпай жадына түйетін. Бертін келе сурет салуға әуестенді. О.Бөк.
