Posted in

БЕРІШ БОЛЫП ҚАЛДЫ (ЖАТЫР)

Жібімейтін, кетпейтін өкпеге, кекке, қасыретке айналды. ~ … осылай тасқа айналып, беріш болып қалғанда, Елден көшіп, сырт айналып, теріс қонып алғанда… Тағы келдің қапияда, күн нұрындай қарғам – ай! Т.Әбд. ~ Неге жылайтынымды өзім де түсінбеймін. Неге жылағанымды осы күнге дейін де білмеймін. Әйтеуір ішімде беріш боп қалған бір жалыңды сарқып тастағаным есімде. Қ.Ысқ. ~ Шерменде ғой, байғұс. Жастайынан ата- анасынан жетім қап не көрмеді. Соның бәрі көкірегінде беріш боп қалды емес пе…- дейді төртінші біреулер. С.Мұр. ~ Олардың ішінде де не түрлі пәле-кәрденді ойлап табу, беті күліп тұрып, беріш болып жатқан іштегі-ішектегі мерезін жасыру, күліп, біліп тұрып көлгірсу қолынан келетіндері бар-ды. Б.Қыд.