Posted in

БЕР ЖАҒЫ

Шынайы пікірі, көңілі емес, сырты ғана. ~ Өңіңе қарасам, масайрап, шаттанып отырған адамның өңі. Әшейін бер жағың болар. Әйтпесе қызғанбаймын дейсің бе? С.Жүн. ~ Жұртта қалған жеті үйдің кәрі-құртаңын тірідей көмген жоқпыз ба?.. Жылап отырып күлдіріп, күлдіріп отырып жылатқан Әлібек оқушыға осы сауалды тастап қойып жорта жымияды. Жымиғаны – бер жағы. Қ.Ысқ.