а) Емшектегі бала, сәби. ~ Ал, жоңғарлар өйтпеген, … кейінгі ұрпағымызға ауыз салады деп, бесіктен белі шықпаған сәбилерді жөргегінен суырып алып, табандарына басып шырылдатып тұрып борбайларын жұлып-жұлып алып, итке, құсқа лақтырып тастап берген. Ғ.Біл.
ә) Тым жас, қаршадай бала д.м. ~ Екеуінің де оқығаны дұрыс еді. Үкіметтің бұл неғылғын саясаты екенін білмеймін, бесіктен белі шықпаған балаларға қойшының таяғын ұстатқанда не пайда табады. АҚ (“Тағдыр”) ~ Бірақ, этика – эстетика, адамдық құндылық, өз- өзіңді қадірлеу деген бар ғой, оның үстіне әлі бесіктен белі шықпаған қыз баласыз. Қ.Жиен. ~ Батырдың асауды шұрайлап әкеп ат ағашқа таңып жатқанында-ақ бір сұмдықтың боларын межелеп жұртта жинала қалған болатын. Енді мынау бесіктен белі шықпаған ұлына мінуін бұйырғанын көріп шулап-шұрқырап кетті. Б.Жұм.
