Posted in

БЕСІН НАМАЗ

Бес уақыт намаздың бірі. ~ Ақсақалдар әңгімесі біткен кезде, бесін намазы да болып қалған екен. І.Ес. ~ Денесі осында жатыр, басы жоқ, – деді. – Мойнына қыл арқан салып атуға алып шыққанда, бесін намазымды өтеуге мұрсат беріңдер, сонан соң не істесеңдер де еріктерің, маған енді бәрібір депті. Қ.Ысқ. ~ Ал, ендеше бесін намазына ұйыдым”, – деді де әлгі сұсты кісі сырт киімін, кебісін шешіп, мұның қолына ұстатты, мешіт ішіне еңкейіп еніп кетті. Д.Дос.