Posted in

БЕС БИЕНІҢ САБАСЫНДАЙ

Толық денелі, семіз; орнықты, келісті. ~ “Бір ауылдың ұйытқысы болып отырған жаны жайлау, біртоға бәйбішені “Бес биенің сабасындай” деп береке-құтқа балады” . М.Сахар. ~ Турасына көшейік, бес биенің сабасындай балпаң-балпаң басқан Бальзак жазғанды, Бальзак тудырған әдеби құбылысты біздің балпаңдар жаза алды ма? Жаза алмаса неге жаза алмай жүр? Ж.Аяз. ~ Шешесі Биқасап Күрдебайдың бәйбішесі. Бес биенің сабасындай тұлға бітісінде өзгеше адам. Б.Майл. ~ Төлендінің әйелі де көрікті, кеңінен ойлайтын бес биенің сабасындай байсалды кісі. О.Бөк.