Posted in

БЕС ТИЫНДЫҚ ҚҰНЫ ЖОҚ (қалмады)

Құнынан айрылды, тым арзандап кетті: маңызы жоқ, керегі шамалы. ~ Түтін андып жүретін, өлеңінде бес тиындық құн қалмаған салдаман әншілер де, тарысы піскеннің тауығы бола кететін «Бөстекі» даяшылар да келді. Ж.Айм. ~ Колхоздастыру, ұлы Отан соғысы, тағы басқа саяси науқаңдар, жалпақ елдің басына төнген қауіп, ұлы мерекелер, сүйіншілі қуаныштар Қоңқай үшін бес тиындық құны жоқ – әншейін еріккеннің ермегі сынды дүниелер еді. О.Бөк. ~ … аяққа тұсау, арқаға артық жүк болар байлықтың, тіпті аспандағы жұлдыздай түнде бар, күндіз жоқ қылтқып кеп тұрар алдамшы бақыттың да бұған бес тиындық құны жоқ. О.Бөк.. ~ Колхоздастыру, ұлы Отан соғысы, тағы басқа саяси науқаңдар, жалпақ елдің басына төнген қауіп, ұлы мерекелер, сүйіншілі қуаныштар Қоңқай үшін бес тиындық құны жоқ – әншейін еріккеннің ермегі сынды дүниелер еді. О.Бөк.