Құнсыздық, арзандық өлшемі ретінде қолданылады. ~ Ертең болатын 1– Мамыр мерекесінің құрметіне дастархан жасаған Ұлжан бұл отбасындағы төрт үлкен адамды әдейі кең залға жинап, салтанатпен тамақ беріп отырған. Сол салтанаттың берекесі бес тиын болды. Ә.Тар. ~ Қара шаңыраққа мен қосқан бес тиын үлес жоқ. Сәулетшімін, үй жобалаймын деп мақтану бұл ауылға түкке қажеті жоқ. О.Бөк.
