Posted in

БЕТЕГЕДЕН БИІК, ЖУСАННАН АЛАСА

Сырт көзге ибалы, моп-момақан, ешкімге зияны жоқ жуас көрінетін адамның сипаты. ~ Соңғы күндері Таңқыбай бетегеден биік, жусаннан аласа, сөзі майда, жылтыр жұмсақ. О.Сәрс. ~ Иса тұрған бойы бетегеден биік, жусаннан аласа сыпайы жігіт. Алакөз өзін патшалардың патшасынша ұстады. Ә.Тар. ~ Тұрсынның ұшты-күйлі жоқ болғанынан қанша қауіптенсе де, бетегеден биік, жусаннан аласа болып бұғып отырса керек. Б.Тоғ.