Posted in

БЕТКЕ (БЕТІНЕ) АЙТТЫ

Ойын бүкпеді, жасқанбай айтып салды. ~ Турашылдық, өрлік, бетке айтар батыр мінез қолданудан шығып қалған ескі қару секілді ешкімге қажет болмай қалды. Т.Әбд. ~ Ақтың ақ екенiн, қараның қара екенiн, iстеген әр iстiң оң- терiсiн бетке айтар Абылай ханның Бұқар жырауы сияқты, әр төренiң бiр Бұқардай батылы, әдiл қазысы болса қәне. К.Сег. ~ Шындықты бетке айтқанға сен шамданба! Үстіңнен жалғыз жапырақты жазып кеп жіберсем – күніңнің қараң екенін сеземісің? Ә.Асқ. ~ Осыдан кейін өзгелер сөйлеген. Алмагүлдің қателерін, жұрттың бұрын жақсы көргенін, басқа түскен атағын көтере алмай қалғанын бетіне айтты. І.Ес.