Өңі солғын тартты, әрінен айрыды. ~ …шексіз рахатқа, тәтті тілекке тек ортақ іңкәрлік жеткізіп, сол арқылы ғана жарық дүниеде жасаудың өшпес құштарлығы, бақыты мен мұраты, азабы мен шері өн бойында өріліп, өмірдің мәні табылатынын сезіп, білген. Сезіп, білген сайын жүректің жылуы азайып, беттің әрі тая берді. Н.Дәу. ~ Aпa, апатай, мен сондай бақыттымын! – деп сыбырлады қыз, шаршаған, бетінің әрі тайған шешесінің тізесіне бетін көміп. О.Уай. ~ Суреттегі адам өзгерді, енді ол тағы да өзгеріске түсе беретін болады! Алтын шашы күмістеніп, ақыры самайын толық ақ басады. Алқызыл бетінің әрі таяды. Дориан жаза басқан әр қадам, ор күнә портреттегі адамның сұлулығын ұрлап, бетіне таңба боп түсе беретін болады… О.Уай.
