“Өтірік айтсам, не ісім ақ болмаса, не істесең де еркің” д.м. ~ Шауып ал аулын! Тәуір барқ етті. — Сен шаппасаң мен шабам! Ауылға тірі жетейін! Бес жүз үй Сырлыбайды түгел атқа қондырмасам бетіме түкір! З.Шүк. ~ Ондай сөздердің кейбірі үй ішінің құлағына да шалынатын сияқты. Кейде не әжем, не шешем: «Бұл не сөз, өзі?» деп Қалисадан сұраса, Қалиса:—«Былшылдай берсін! Тек, аманшылық боп Бүркіт келсе, ақ-қарасын бір-ақ көресіңдер. Егер сонда қара боп шықса, Еркежанды ғана емес, менің де бетіме түкіріңдер» дейтін көрінеді… С.Мұқ.
