Posted in

БЕТІНЕН АЛА ТҮСТІ (алды)

Арс етіп, ожар түрде жауап берді, қарсы шықты. ~ Тұмсыққа жейтіндігін бұрын да сезуші едім. – Ондай әулиелігің болса бетінен ала түспей айға бата қып жүрдің бе? – Бетінен алған емес, тура ғана төбе құйқасын шайнап, төбесіне шай қайнатқан рәуә болар еді. Ғ.Біл. ~ Ас-суың әзірленді ме? — Келіншегі бетінен ала түсті. – Сенің-ақ қолқабысыңды көрмедік. Қараң қалып бара жатқандай, кеңсеге жүгіресің де тұрасың. Қонақ шақырасың да, бар шаруаны маған қалдырып, қараңды батырасың. Аяу, ойлау деген жоқ қой сенде. Д.Дос. ~ … тұнжыраған малай Григорий бұл жолы жаңа барыняны жақтап, соны қызғыштай қорғап, Федор Павловичтің бетінен ала түскенде өзінің жаман малай екенін де ұмытып кететін болады… Ф. Дост.

Ашуына мініп, дөрекі уәж айтты. ~ Мына кісі төреге насыбайды тастасаңшы дегенде, анау: «мен насыбайымды тастайын, бірақ, Шыңғыстың бөктеріндегі шашты сайтаныңды сен де тыйсаңшы!» деп бетінен алыпты дейді. М.Әу. ~ Қадыр сабырлылық тілеп, басу айтса, бетінен алды. Шаруадан басқаны білмейтін жуас күйеу, көк айыл әйеліне қарсы ештеме айта алмай, мұрнын тескен өгіздей жетегіне еріп жүре береді. С.Жүн. ~ Қанабалға да не зорлық, мүмкін оған да жоғарыдан бір тықыр таянған шығар.
– Тықыр-мықыр! Неғылған тықыр. Осы сен де күн жаумай су боласың да, отырасың, – деп ашуға булыққан Нұртаза Сүлейменнің бетінен алып тастады. С.Жүн.