Posted in

БЕТІНЕН БАСТЫ

Қысылды, ұят көрді, арланды. ~ Алтыбақан басына қараңғыда көрінбей барған жігіт жастардың аузындағы үрейлі сөзді естіп, Жалмұқаннан жасқана отырып айтқан. Ақтоқтыны жоғалтқан Тастан да қашан табылғанша бетінен басып, үйіне келмей қойды. С.Жүн. ~ Есіктің алды көл болып жатыр. Есегін жетелеп, жағаға келді. Су ішті. Беті-қолын жуды. Енді қалған екі қыстау… Олай қарай жүруге бетінен басқандай… З.Шүк. * Елден келген кісілерді іздесе, бұл, әдетте, Теміркенің көк дүкеніне баратын. Онда Тәңірберген жатыр деп есіткесін бетінен басты. Ә.Нұрп. * – Әлеумет алдында сөйлесуге беттеріңнен басасыңдар, ә, жасырын жымысқы әрекетке үйренген бейшара мүбәшаралар. С.Жүн.