Ашу шақырып, шамырқанды, түтігіп кетті. * «Жирен орыс манағыдай емес, Ақбiлекке өлiп-өшкенiн қойып, бетiнен түгi шығып, әкесі өлгендей, бас mepici аузына mүcin кeminmi» Ж.Айм. * Бұрын да кит етсе шамырқанып, бетінен түгі шығатын Тастан жас тоқалды мүлдем тізгіндеп алған. «Отырса опақ, тұрса сопақ» деп, өзінің мазағы аздай, соңына екі бәйбішесін салып қойды. С.Жүніс. * – Құлшығашқа қатын әперіп, өзі отасқандай қуанып жүр ғой. Басында болар…- Келіншектің бетінен түгі шығып тұрған. Нағанай әдейі шапқа түртті, тулата түскісі келді. Д.Досж. * Бетінен түгі шығып өз-өзінен түтіккен байдың жүзінде қысылыс байқалады. С.Жүніс. * Келе ауыл ақсақалы Сатай қарттың үйіне “жазықтыларды” жинап алған, ақи Жәнібек бетінен түгі шығып, істің төте жолын, бір-ақ айтты. С.Жүніс.
