Еркелетті, көңілін қалдырмады, еркін өсірді. ~ Жанары қандай аялы еді! Өмірді бетінен қақпай еркелетер әкесіндей көріп барынша сеніп, еркелеген түр. Ж.Шам. ~ Қайту проблема емес. Димекеңнің өзі-ақ жеткізіп салады үйге,- деді Ерасыл қашанғы әдетімен әлі бетінен қағып көрмеген ақын ағасына әрі әзілдеп, әрі еркелеп. С.Дос. ~ Жүрегі жұмсақ анасы бетінен қаққан емес. С.Дос. ~ Мен жақсы көріп, бетінен қақпаған соң, осында келсе, бәрі менің бөлмеме қойып кетеді. А.Жақ.
