Әлдебір жөнсіз ісін айтып, ұялтты, күнәсін бетіне басып, әшкере қылды. ~ Дүйім елге әйгілі боп, абиұры кеткен қызды қалай алады. Екі сөздің бірінде құрбы-құрдас бетіне басады ғой. О бір сүйегіне басылған, кетпес таңба ғой. Бірақ құдайшылыққа келгенде, Ақбілек сорлыда не жазық бар? Ж.Айм. ~ «Көке-ау, құдай жоқ деп оқытқан өзіңіз емес пе едіңіз, кеше», дейді. Қырық жыл мұғалім болғанымды бетіме басып тұр. Н.Дәу. ~ Екі жақ бұндай теке-тірестен ештеңе өнбесін біліп, енді бопсаға көшті. Түрікмендер қазақтың жерді алғанымен қоймай, қайда көшсе де өкшелеп, малын малша, жанын жанша қиып, елді тоздырып бара жатқанын бетке басты. Ә.Кек.
