Қарсы сөйлеп, көңіл қалдырып көрмеген д.м. ~ Өлейін деп жатса да, тәкаппар шалынын басын кішірейтпейін дегені ме, сақалынан жас сорғалап, жылап тұрған Ізбастан бұрын: «кештім» деді де, ғұмыры бетіне жел боп тимеген жібектей аяулы жары бір-екі ықылық атып, жан тәсілім қылды. Өзінің кішіпейіл мінезінен ақтық сәтте де айныған жоқ, марқұм. Ү.Жлк. ~ Кәрілер өмірден өтіп кеткен, ешқашан кісінің бетіне жел боп тимеген ата– анасын айтып, аһ ұрып тұрып, артта қалған перзентіне бар жақсы пейілін арнаса, қатарлары үшін бұл қыз Мона Лизадай сұлулық періштесі әрі жаны мен тәні таза, құстардың ішіндегі ақ көгершіндей айтып тіл жеткізгісіз бір бейне еді. Қ.Түм.
