Қарсы сөз айта алмайды, алдында құрдай жорғалайды; жүздесуге тайсалады. ~ Байбақтыдан өрбіген ел қашан мені ұры қылып көріп еді? Мал көрмек түгілі, бір болыс «Қурайлыда» бетіме жан келуші ме еді? Ж.Айм. ~ Көрген халық оның бетіне келе алмай, қақпалардың астына жасырынып қалды. М.Жұм. ~ Бала күннен бірге өскен мына Қозбағардың мелиса болса да мінезі өзгермепті. Сол, баяғы Шегенің бетіне келмей жасқанып өскен қалпы. С.Елу. ~ Жұрт іштей жек көргенімен, олардың бетіне келе бермейтін, пәледен аулақ. К.Қаз.
