Posted in

БЕТІНЕ КҮЙЕ (КІР) ЖАҚТЫ

Масқара қылды, қорлады, намысын аяққа басты. ~ Қазақтың бұрынғы күнде нашар іс істеген адамдарға істеген жазаларының көбі ұялту болған. Мысалы, қазақтар әйелді қара өгізге теріс мінгізіп, бетіне күйе жағып, үстіне құрым жауып ауылды айналдырады екен. Қ.Шаб. ~ Бақтияр әкемнің алаңдайтын бір-ақ қаупі бар, ол – Хиуа ханының қарақшысы Жабы деген батыр. Жылда келіп, осы төңіректегі елді шауып, малын, қыздарын қосып айдап кетеді… Соған тыю салатын, бетіне күйе жағатын бір ер табылмай-ақ қойды… Б.Тоғ. ~ Дәнекер болғалы келдім. Менің әкем Қотыраш, Жұныстың әкесі Батыраш, екеуміз немере. Өздеріңе белгілі, Қотыраштың қызын Жұныстың алып қашқаны — бүкіл Сиқымбайдың, бетіне күйе жаққаны ғой. Ғ.Мұст.