Posted in

БЕТІНЕ САЛЫҚ ҚЫЛДЫ (ҚЫП БАСТЫ, ЕТТІ) #2

Біреудің шалыс басқан қателігін, ұятты ісін есіне салды, бетіне басты, ұялтты, табалады, қорлады. ~ Екеуміздің осы жүргенімізді де көре алмайтын кісілер бар еді…Тек солардың табасына қаламыз ба, бірде болмаса бірде бетіңе салық қып, сүйегіңе таңба бола ма деп, артын ойлағанымыз болмаса…- деген сөзге әкеп тіреді. Ж.Айм. ~ Сенімен отқа жансам арманым жоқ, Жуылмаған Жұман атты періменен. Хатыңда «бай емеспін» деп жазыпсың, «Бетке салық қылма» деп, көп жазыпсың. М.Дул. ~ Бәрінен бұрын күйеуі ұрысқан са йын: «Өзіңдей ана Ақбалаға қараш! Жүріс-тұрысына ішпей-жемей ырза боласың» – деп, сұлу келіншекті ылғи да бұның бетіне салық қып басатын. Ә.Нұрп. ~ Сөйтіп‚ түрме жастығын жеті жыл жастанып‚ жарма көжесі мен қара нанына жүрек жалғап келгенде‚ бір мүшел мерзімді араға сап аяғын шалыс басқанын бетіне салық еткені қырыққа келген қырқылжың шағында жанына қатты батты. Қ.Түм. ~ Тайлеке! Сол сырт ағайынға ықпал бергеніміз қалай болар екен осы?! Жылы қойын, салқын арқам деген емес пе. Ұялы терек, үйелменімізбен отырып, ес таппағандай көрінгеніміз болмас па екен? Бақ – баталы қара орнымен қамалып, ес таппай сасқандары еді деп, күннің – күнінде бетке салық етпесе?..— дегенде бұл сөзге Молтанның да бейімі бар екен… Ж.Ахм.