Абыройына кір келтіретін, жұрт алдында ұятқа қалдыратын сөз не іс туралы. ~ Ал менің практикалық жұмыста анық бір көзім жеткен нәрсе, пікір таласы болмаған жерде шындық болмайды, оның бетіне шіркеу түседі. Б.Қыд.~ Шешесі “керек адамдардың” бетіне шіркеу келтіретін әлденені ұлы айтып сала ма деп қауіптеніп тұр, одан басқа не дейсің. М.Қаб. ~ Ал қыз бала жасымай жарқырап жүруі үшін заманына сай білім алып, ертең ешкім бетіне шіркеу етпестей тәрбие де алуы тиіс. З.Төл. ~ Ал ендi құда болғым келген ниетiмдi қолдап, қоштамағаныңызды бетiңе шiркеу санамай-ақ қой. К.Сег.
