Posted in

БЕТІНЕ ҚАН ЖҮГІРДІ

Өңі кірді, көңілі көтерілді. ~ Менің жүйелі сөздеріме иланған ол — сабасына түсті. Зайыбымның ажары кіріп, бетіне қан жүгірді. Бір ретте «диванды қаншаға алдың?» — деп те сұрап қойды. Т.Берд. ~ Ас болса, тәбетімде мін жоқ. Көз жанарым тіріліп, бетіме кәдімгідей қан жүгіріп, адам қатарына қосылайын деп қалдым. Б.Соқ. ~ Әдетінше, бүгін де ерте тұрған соң, өзен жағасын серуенде- ген Әсеттің бойы сергек, жүрегіне жұбаныш ұялаған. Бетіне қан жүгіріп, әрі кірген. Ажары ашылған. Қ.Тол.