Арсыз іске аяқ басты. ~ Жағынып жатқа жалбақтап Жігіттің шықты мұндары. Бетінің арын бес төгіп, Кісінің қашты сындары. Азамат ерде дəулет кем болса, Қабаннан жаман Қарынбай, «Жан екен» деп оны білмеді, Назарын тіпті бұрмады. Базарға барса мастанып Жүз теңгеге ат алды. Қ,Күрж. ~ Біреулер тарыдайын тайтұяққа балайтын тақыс саудагерді, біреуі баукеспе ұрыны, енді біреулері бетінің арын сатқан бедекті, лапке толы алуан түрлі айшықты жиһазды сөз етеді. БАҚ.
Ар-ұятты жинап қойды д.м. ~ Арман не, әркім жесе жиған малын, Дүние төгеді екен беттің арын. БС. “Болат, Жанат”. ~ Астыңда болмаса да тұлпарларың, Аянбай соғысыңдар сұңқарларым. Майданда ел, жауға тірі берілмеңдер, Төкпеңдер жау алдында беттің арын. Қожаберген ж. ~ Сонымен, осы Есбергендер несиеге қымбатырақ сатып, жаңағы сегіз айдың бойында жаз ортасы ауған соң елге барып, қысты күні несиеге сатқан пұлының малын жияды. Біреуден қой, біреуден серкеш, тағы бір жерлерден тай-торпақ жинап алудың өзі де “беттің арын бес төгіп” алатын қалың бейнет. М.Әу. ~ Бұған намысты, өзім адаммын, ермін, мені де шешем ұл деп тауып, қалжа жеген деп, өзін бағалай білетін адам шыдай ала ма? Бірақ мәнсапқа жету үшін ұятты да, намысты да жинап қойып, беттің арын бес төгіп кірісетіндер бар екен, ондайлар жем үшін емес, жем үшін өмір сүреді екен. Б.Қыд.
Ұят-намысты аяққа басып, арсыздыққа барды. ~ Беттiң әрiн бес түйiп қойып, құр мәйкiшең отырған төртпақ бiтiмдi қарадомалақ жiгiтке осындайда амалсыз қарайды. Ж.Шаш. ~ Біреулер байлық қуса, біреулер атақ-мансап қуып жүр. Баласына беделді қызмет тауып беру үшін беттің арын бес түйіп жүргендер өз алдына бір төбе. С.Шайынғ. ~ Өйтіп беттің арын бес төгіп, жағымпаздана алмаймын. Менің де аузын ашып отырған қатын-балам бар, – деп Тоқсанбаев қана бұлқан-талқан ашуланды да, орнынан атып тұрып жүре берді. С.Ест.
