Түсі бұзылды, өңі қуқыл тартып, сұрлана қалды. ~ Келіншегінің қостамағына назарлылық сыңаймен қараған ол аңырып қалды. Рияның алқызыл бетінің қаны қашып, жүзі бозарып кеткендей көрінді. Ж.Шәк. ~ Қожбанның ішіне пышақ, айналмайтын, өңіне күлкі де жараспаушы еді, бетінің қаны қашып, әлгі әзірде ғана әлдекімнен зәбір көргендей қабағы шытылып, жыламсырай қалды. Ә.Тар. ~ Мені қойшы, Қасымов дегеніне жетіп, Жолтайға обал жасады. Алтын медальға ілінбегеніне Жолтай еңіреп жылайтын шығар десем, бетінің қаны қашқан күйі сазарып отырып қалды. Ол үшін жылауға мен әзір едім… Б.Тоғ. ~ Тілегіңді берер ме, Көзіңнің жасын көрер ме, Аяма, балам, барыңды. Есіткен соң бұл сөзді Батыр Жабы сасады. Тұла бойы түршігіп, Бетінен қаны қашады. Жолдастарын ертіп ап, Төтелеп Сырға асады. “Мақпал – Сегіз”. ~ – Дұрыс ақ ау, ә! – деп, Қазыбек қалтқысыз көңілмен қалбалақтап бәйбішесіне қарап еді, оның жаңа ғана аналық мейірімі төгіліп тұрған өні қайта өзгеріп, әжімделген бетінің қаны қайта қашыпты. Ә.Әб.
