а) Бетін тырнап, зар салып жылады. ~ Қара қағаздың айтқаны рас деді. Менен жарты сағат бұрын өлді. Тура осылай, көз алдымда жатып жан тапсырды деді. Орақтың апасы бетін жыртып, дауыс салып қоя берді. М.Мағ. ~ Аңыраған дауыс алыстан-ақ аза бойымызды қаза қылды. Екі бірдей боздағынан айрылған кейуана бетін жыртып шашын жұлып, жер тырналап жатыр екен. Б.Тоғ.
ә) Біреудің ісін ерсі көріп, таңдай қағып, бетін шымшылады. ~ Аласа бойлы қартаң әйел қолындағы ұршығын жол-жөнекей иірген бойымен келіп тұра қалып, бетін жыртып, аузын сылп еткізді: «Сұмдық-ау, мына Күреңбайға не болған, іс-міс жоқ қайда кеткелі жатыр!» С.Ом. ~ Ауылдың қатындары Торғын велосипедке мінген сайын бетін жыртатын. «Қанша бастық болса да қыз баланы шайтанарбада селкілдетіп қойғаны несі? Қыздың аты қыз емес пе? Ойбай-ау, әуелі шалбар киіп мініп жүреді» деген сөздерді сан естігенді. К.Қаз.
б) Мазақ етті. ~ Әке оқытам дейді, Абзал оқуға барайық дейді. Өзге қыздармен сөйлессе, олар бетін жыртады. «Қартайғанша оқу оқып, күйеусіз қалар жайымыз жоқ» деп жырқ-жырқ күледі. К.Қаз.
