Posted in

БЕТІ БҮЛК ЕТПЕДІ (ЕТПЕСТЕН)

Өзін түк болмағандай сезінді; шіміркпеді; қорыққан жоқ. ~ Ой, заңғар-ай, беті бүлк етпеді. Теңіз тартылғалы бұл өңірдің халқының ісі мен мінезі ұсақтап барады. Ә.Нұрп. ~ Талайды көрген Абайдың беті бүлк ете қойған жоқ: – Кеңес Одағы менің ием болғанымен, сіздің досыңыз, мен жақсы болсам, сіз жақсысыз, сіз жақсы болсаңыз, мен жақсымын, – деді. Ж.Шәк. ~ … көре қал, ол енді беті бүлк етпестен салып ұрып, бензин беретін дөкейдің дәл өзіне жетіп барады. Ә.Нұрп.