Жүзін тұмшалап жауып жүрді. ~ Мен солардан алған үлгімен, сендерді де жаңа заманның жайнаңдаған азамат қыздары болуға шақырам. Бұдан былай бұйытып, бет бүркеп, кимешек-жаулық жамылып жабықпаңдар. Әрине, әдеп те, ізет те керек. Оның өз орны бар, — деп тоқтады. С.Бег. ~ Жылай-жылай бұған да көндігер ме еді, бірақ бі¬рінен бірі асқан сорақылық күн сайын алдынан кес-кестей берді. Бұтқа көлбеңдеген ұзын дамбал, бет бүркеген пәрәнжа кию өз алдына, бірте-бірте кісі санатына қосылудан қалып барады. Көшеге шығу, елмен араласу жоқ. Т.Сәу.
