Posted in

БЕТ КӨРГІСІЗ БОЛДЫ

Дүрдараз болды, қатты ренжісті, қайтып көрместей болды. ~ Сонда қыз айтыпты: – Мен кемпір-шалдың ортасындағы көзінің ағы мен қарасындай жалғыз перзентімін. Түнде екеуінің ортасында жатам, мен қашан ұйықтап қалғанша кемпір-шалым маған қарап жат деп, екеуі екі жағымнан тартып, маған таласып бір-біріне өкпелесіп қалады. Немесе жетпейтін кемтаршылық дүние ауға шабақ түспей қалса да, екеуі бір-біріне сенің несібең жоқ деп іренжісіп бет көргісіз болып қалады. Сонда мен ойлаймын: Әкем мен шешем енді бірін-бірі қалай көрер екен деп. Түнде ұйықтап қалам. БС. ҚЕ. (“Өнеге”).